2167

Бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы келіссөз өткізбек.
Фотография - Бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы Шамми Рананың ресми сапармен келуіне арналған ҚР Ұлттық музейінде баспасөз-конференциясы өтеді, деп хабарлайды Today.kz

Жиынға, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысады.

Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою көзделуде.

Фото -

Аталған мәртебелі меймандардың Қазақстанға арнайы ат басын бұруының басты себебі – 1-2 маусым  күндері Астанадағы "Қазанат" атшабарында өтетін Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын тамашалау.

Айта кетейік, ЮНЕСКО ұйымы 2021 жылы бүкіләлемдік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан Республикасы да бар. 

Сонымен қатар, ЮНЕСКО өкілдері "Этноспортты дамыту және насихаттау" тақырыбында семинар кеңес ұйымдастырады.   

Загрузка...