1001

Жаттықтырушы Головкин мансабын аяқтамаса, жастардан біреу оны жеңетінін айтты

"Геннадий өз мансабын жақында аяқтауы тиіс немесе жас боксшылардан біреу шығып, оны жеңеді", – деді америкалық жаттықтырушы.
Фотография - Жаттықтырушы Головкин мансабын аяқтамаса, жастардан біреу оны жеңетінін айтты Сурет: sputniknews.kz

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джермалл Чарлоның жаттықтырушысы Деррик Джеймс қазақстандық Геннадий Головкин кәсіби бокстағы мансабын аяқтауы керек деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz жазды, деп хабарлайды Today.kz

Джеймстің сөзінше, егер Головкинге қарсы шыққан боксшы оған қарқынды қарсылық танытып, соққымен жауап берсе, GGG біртіндеп жеңіске деген ұмтылысын жоғалта бастайды. Егер Джермалл Чарло орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионымен кездесу өткізсе, онда нокаутқа жіберер еді деп есептейтінін айтты. 

"Егер оған қарсы шынымен жұдырықтасатын Джейкобс сияқты біреу шықса, Головкиннің жекпе-жек барысында қалай тізерлейтінін көрер едіңіздер. Егер Джермалл бұл жекпе-жекке өз қалпында барып жұдырықтасар болса, Головкинді нокаутқа жіберер еді. Геннадий өз мансабын жақында аяқтауы тиіс немесе жас боксшылардан біреу шығып, оны жеңеді", – деді америкалық жаттықтырушы.  

Загрузка...