8528

Алматыда Денис Тенге өлген соң "Халық қаһарманы" атағын беру ұсынысы айтылды

Кеңес ұсынысты қабыл алып, билік органдарына жолдауға уәде берді.
Фотография - Алматыда Денис Тенге өлген соң "Халық қаһарманы" атағын беру ұсынысы айтылды Сурет: el.kz

Алматы қоғамдық кеңесінің отырысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге өлген соң "Халық қаһарманы" атағын беру туралы ұсыныс көтерілді, деп хабарлайды Tоday.kz.

Бұл ұсынысты шара қатысушыларының бірі айтты. Кеңес ұсынысты қабыл алып, билік органдарына жолдауға уәде берді. 

Денис Теннің өлімі 

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті

Денис Тенді өлтірді делінген күдіктінің біреуі тексеріс барысында оқиға орнынан қылмыс жасаған қаруын тауып берді.

Загрузка...