1505

Геннадий Головкин жапониялық бокс жұлдызы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін

Том Леффлер жапондық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Фотография - Геннадий Головкин жапониялық бокс жұлдызы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін Сурет: sputniknews.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Жапониядағы Муратамен болатын жекпе-жек ауқымды. Мурата – Жапониядағы ірі бокс жұлдызы, оның телерейтингі ол жақта өте үлкен, егер GGG жекпе-жекке Жапонияға баратын болса, ауқымды шара өтер еді. Біздің Муратаның промоутері мистер Хондомен және Top Rank-тағы Боб Аруммен қатынасымыз жақсы. Сондықтан бұл – жүзеге асатын жекпе-жек", – деді Леффлер. 

Леффлер Джеймс Дигейлмен болатын жекпе-жек туралы да пікір білдірген болатын. 

Головкин 15 қыркүйекте Сауль Альвареспен екінші рет жұдырықтасады.