2734

Головкин "Канеломен" кездесуге бір ай қалғанда салмағын өлшеді

Жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді.
Фотография - Головкин "Канеломен" кездесуге бір ай қалғанда салмағын өлшеді Сурет: sputniknews.kz

IBO, WBA және WBC нұсқалары бойынша қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жекке бір ай қалғанда боксшының салмағын жариялады, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"GGG WBC үшін бір ай қалғанда өлшеніп, 168,3 фунт салмақты көрсетті. 14 қыркүйекте болатын финалдық өлшенуге дейін 30 күн қалды", – деп жазды Леффлер.

Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста теңбе-тең өтті. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді.  

Қазіргі таңда екі боксшы да аталған жекпе-жекке дайындалып жатыр. 

Альварес Головкинмен 5 мамырда кездесуі керек болатын, бірақ жекпе-жек кейінге шегерілді. Өйткені "Канелоның" қанынан тыйым салынған зат табылған еді.