2639

Оны әр қателігі үшін жазалайтын боламын – Альварес Головкин жайлы

Мексиканың жұлдызды бокшысы өзін үнемі сабырлы ұстайтынын мәлімдеді.
Фотография - Оны әр қателігі үшін жазалайтын боламын – Альварес Головкин жайлы Сурет: ©Никита Русанов

Мексикалық Сауль Альварес допинг-жанжал туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Канелоның" сөзінше, антидопинг агенттігінің мамандары оған келетіндерін ескертпестен, кез келген уақытта тексеріп жүр. 

"Бұл ерікті түрде, мені ешкім мәжбүрлемейді. Сол күннен бастап ақпанда олар маған 15-20 рет келді, әлі де келіп жатыр. Мен дайынмын. Бұл бағдарламаға 2012 жылдан бері қатысамын", – деді Альварес. 

Мексиканың жұлдызды бокшысы өзін үнемі сабырлы ұстайтынын мәлімдеді. 

Геннадий Головкиннің командасы айтқан сөзге келгенде ол GGG-ні жеңетініне сенімді екенін білдірді. 

"Бері қараңыздар, мен олардың не қалайтындарын, не көздеп жүргендерін білмеймін. Барлық қалауым – рингке тезірек шығып, жеңу. Оны әр қателігі үшін жазалайтын боламын. Оған деген сыйластығым жоғалды, өзімнің мықты екенімді дәлелдеуге ынталандырды десем болады", – деді ол. 

Естеріңізге салайық, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді. 

Кездесуді Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді, сондай-ақ Qazaqstan TV ұялы телефон қосымшасынан да тамашалауға болады. 

Загрузка...