1443

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес салтанатты түрде рингке шықты

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп жатыр.
Фотография - Геннадий Головкин мен Сауль Альварес салтанатты түрде рингке шықты Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес рингке шықты, деп хабарлайды Today.kz

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтіп жатыр. Тікелей эфирде кездесуді Qazaqstan мен Qazsport телеарналары көрсетуде. 

Головкин шаршы алаңға ұлттық нақыштағы шапанымен Қазақстанның туын көтеріп шықты. Ал Альварес рингке "Мексика" деген жазуы бар жейде киіп, Мексиканың туымен бірге көтерілді.  

Айта кетейік, екі боксшы да осы кездесуден ең аз дегенде бес миллион доллардан сыйақы алады. Боксшыларға кірістен түсетін пайыз да қоса беріледі, ол HBO телеарнасының ақылы трансляциясынан түседі.