3578

Геннадийдің жаттықтырушысы Абель Санчес жекпе-жектен кейін пікір білдірді

16 қыркүйекте Головкин Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалды
Фотография - Геннадийдің жаттықтырушысы Абель Санчес жекпе-жектен кейін пікір білдірді Сурет ашық дереккөзден алынды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек аяқталған соң қазақстандық боксшысының жаттықтырушысы Абель Санчес пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бері қараңыздар, "Канело" неге өз қалауынша жұдырықтасты? Біз жаттықтырушы ретінде өз жұмысымызды атқарамыз, оларды жаттықтырып, жаттығу лагерінде дайындық үшін бар мүмкіндікті жасаймыз, геймжоспар түземіз. Олар рингке шыққанда өздеріне көбірек келетін нәрселерді көреді. Олар қаламайтын нәрселерді жасауға мәжбүрлей алмаймыз. Мен "Чепо" (Сауль Альварестің жаттықтырушысы, – ред.) "Канело" бірінші жекпе-жектегідей жұдырықтасқанын қаламайтынына сенімдімін. Мүмкін Геннадий осы жолы менің қалауымша жұдырықтасқысы келмеген болар. Сондықтан олар шаршы алаңға шыққанда өздері нені дұрыс деп тапса, соны істейді. Оның "Канеломен" жұдырықтасқанын қаладым. Егер Сауль рингтің ортасында болса, сол жерде жұдырықтасу керек еді. Геннадий өз тұжырымдамасы бойынша жұдырықтасқан дұрыс деп есептеді. Ол жақсы жұмыс атқарды", – деді Санчес. 

Естеріңізге салайық, 16 қыркүйекте Головкин Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалды, бірақ беделді сарапшылар жеңісті Головкинге беріп отыр. GGG осылайша WBC, WBA, IBO белбеулерінен айырылды. 

Загрузка...