1553

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы мультфильм шықты

Роликте екі боксшыдан бөлек мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя мен ESPN сарапшысы Тедди Атлас бар.
Фотография - Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы мультфильм шықты Сурет: youtube/@Mojahed Fudailat

Бокс мен ММА-ге қатысты қалжың түрінде мультфильм шығаратын мультипликатор Моджахед Фудайлат Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жегіне арналған туындысын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Роликте екі боксшыдан бөлек мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя мен ESPN сарапшысы Тедди Атлас бар. 


Естеріңізге салайық, 16 қыркүйекте Головкин Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалды, бірақ беделді сарапшылар жеңісті Головкинге беріп отыр. GGG осылайша WBC, WBA, IBO белбеулерінен айырылды