5588

"Сүйінші! Головкин белбеулерін қайтарып алады" деген ақпарат жалған

Бұл ақпарат жалған. ҚР кәсіби боксы федерациясы бұндай мәлімдеме жасалмағанын айтты.
Фотография - "Сүйінші! Головкин белбеулерін қайтарып алады" деген ақпарат жалған Сурет ашық дереккөзден алынды

Желіге тараған "Сауль Альварес допингпен ұсталып, Геннадий Головкинге белбеулері қайтарылатын болды" деген хабарламаны бокс федерациясы мен Qazsport телеарнасы жоққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz.

"Сүйінші!" деп басталатын ақпарат түрлі мессенджерге тарап жатыр.

Фото -

Бұл ақпарат жалған. ҚР кәсіби боксы федерациясы бұндай мәлімдеме жасалмағанын айтты. 

Qazsport телеарнасын жататын "Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин Facebook желісіндегі парақшасына ешқандай жекпе-жек жақын арада болмайтынын жазды. 

"Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңіліңмен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр. Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", – деп жазды Ерлан Қарин. 

Невада штатының атлетикалық комиссиясы Сауль Альваресті 15 қарашаға дейін бокстан шеттеткені рас. Бірақ бұл стандартты шара. Спортшы күшін қалпына келтіру үшін жекпе-жекке тыйым салынады. 

Естеріңізге салайық, 16 қыркүйекте Головкин Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалды, бірақ беделді сарапшылар жеңісті Головкинге беріп отыр. GGG осылайша WBC, WBA, IBO белбеулерінен айырылды

Загрузка...