1645

Шағым айтып, ақталғым келмейді – Головкиннің жаттықтырушысы пікір білдірді

"Канело" төрешілер шешімі бойынша 115-113, 114-114, 115-113 ұпайымен жеңді.
Фотография - Шағым айтып, ақталғым келмейді – Головкиннің жаттықтырушысы пікір білдірді Сурет: sports.kz

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Сауль Альвареспен болған екінші жекпе-жекте төрешілерден бұндай шешім күтпегенін айтты, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Канело" төрешілер шешімі бойынша 115-113, 114-114, 115-113 ұпайымен жеңді. 

"Канелоның" күші, оның қысым көрсетіп алға жылжығаны бізді таңғалдырған жоқ, біз одан осындай тәсілді күттік. Бізді шешім таңғалдырды: мен Геннадий жеңді деп ойладым, өйткені ол тиімді жұдырықтасты, джебпен жақсы жұмыс істеді. Он екінші раунд соңғы шешімді шығарған болса, төрешілер жекпе-жекке бағаны қалай бергенін түсінбеймін. Шағымданып, ақталғым келмейді. Біз жеңілген жоқпыз: жай ғана шешімді естідік. Меніңше Геннадий 7-5 есебімен жеңді, бұл пікіріммен БАҚ пен жанкүйерлер келіседі", – деді Санчес.