Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBC/WBA/IBF/IBO бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің сөзінше, GGG Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға асықпайды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
"Адамдар олардың үшінші жекпе-жегін көргісі келеді. Геннадийдің не қалайтынын көреміз. "Канелоның" да нені қалайтынын көру керек. Ол жылдың аяғында жұдырықтасады деп естідік. Сондықтан бұл тақырыпта Golden Boy-мен сөйлесіп, оның жоспарын анықтап аламын. Жанкүйерлер олардың үшінші жекпе-жегін талап етеді деп ойлаймын. Қос тарап келісімге келе ала ма, жоқ па, ол басқа әңгіме", – деді ол.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить