1708

Геннадий Головкиннің алдағы жоспары туралы айтылды

Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен шаршы алаңға шығуы мүмкін.
Фотография - Геннадий Головкиннің алдағы жоспары туралы айтылды Сурет ашық дереккөзден алынды

Los Angeles Times басылымының журналисі Лэнс Пагмайр қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлесіп, GGG-ның алдағы жоспары туралы сұрады, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Геннадиймен бүгін кездескен Том Леффлер әлемнің орта салмақтағы экс-чемпионы келесі жылға дейін жұдырықтаспайтын болар деген пікір айтты", – деп жазды Пагмайр Twitter желісіндегі парақшасына.  

Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен шаршы алаңға шығуы мүмкін. 

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 15 қыркүйегінде Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін басынан өткерді. Лас-Вегаста өткен кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен мексикалық Сауль Альварес жеңіске жетті. Ол қазақстандық боксшыдан WBC, WBA және IBO белбеулерін тартып алды.