967

Назарбаев 100 сауықтыру спорт кешенін салуды тапсырды

Президент спортпен шұғылдану тегін болуы керектігін айтты.
Фотография - Назарбаев 100 сауықтыру спорт кешенін салуды тапсырды Сурет: Tengrinews

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 100 сауықтыру спорт кешенін салуды тапсырды, деп хабарлайды Today.kz.

"Аймақтық деңгейде жаппай спорт пен дене шынықтыруды көтеру үшін қор табу керек. Бірінші рет айтып тұрған жоқпыз. 50 сауықтыру спорт кешенін салу тапсырылды. Арыстанбек (мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, – ред.) қайда? Енді мен әр аулада дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік болу үшін 100 сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Бұны облыстар да, аудандар да істей алады. Ешқандай құрал-жабдықтың, үлкен қаражаттың қажеті жоқ, Жай ғана аулада спортпен шұғылдана алуы керек. Жақында Түркияда болдық, шағын паркке бардық, ол жақта көшеде қысы-жазы тренажер тұрады. Бізде неге жоқ? Бұл темірлерді тиын-тебенге сатып алуға болады, есесіне балалар аулаға шыққанда спортпен айналысады, футбол ойнайды, спорт деген осы", – деді мемлекет басшысы. 

Президент спортпен шұғылдану тегін болуы керектігін айтты. 

"Олар тәулік бойы жұмыс істеуі керек. Оқушылар үшін тегін немесе арзан болуы тиіс. Не үшін тұрғыздыңдар?" – деді Назарбаев.