1390

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады

GGG-ның қарсыласы 32 жастағы жапон боксшысы Риото Мурата болуы мүмкін.
Фотография - Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады Сурет: ightnews.info

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірінші жеңілісінен соң шаршы алаңға қайта оралады. Ендігі жекпе-жек көктемде болады, деп хабарлайды Today.kz

GGG-ның қарсыласы 32 жастағы жапон боксшысы Риото Мурата болуы мүмкін. 

Жекпе-жек 2019 жылдың наурызында немесе мамырында болады. Головкинмен кездесу үшін жапон боксшысы америкалық Роб Брантты жеңуі тиіс. Олар АҚШ-та 20 қазанда кездеседі. 

Геннадий Головкиннің промоутері Мурата "қызықты" нұсқа екенін айтты. Ол өз Отанында танымал. 

Естеріңізге салайық, Головкин мексикалық Сауль Альвареспен Лас-Вегаста 16 қыркүйекте кездесіп, жеңіліс тапты.