724

Нижат Рақымов əлем чемпионатында медаль ала алмады

Ол сегізінші орынға тұрақтады.
Фотография - Нижат Рақымов əлем чемпионатында медаль ала алмады Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рақымов əлем чемпионатында сегізінші орын алды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Жарыс Ашхабадта өтіп жатыр. 

Əлем чемпионаты-2015 жəне Олимпиада ойындары-2016 сайыстарының жеңімпазы Нижат Рақымов 73 килограмм салмаққа дейін өнер көрсетті. 

Жұлқа көтеруден спортшы 147 килограммды екінші мүмкіндігінде көтерді, үшінші мүмкіндігінде 152 килограммды көтере алмай, он үшінші орынға тұрақтады. Сілке көтеруде Рақымов 185 килограммнан сəтті бастап, кейін бес килограммға көп тапсырыс бергенімен соңында үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Осылайша Нижат 337 килограмм жинап, сегізінші орын алды.