731

Альварестің промоутері Головкинмен үшінші кездесу болатынын ұқтырғандай болды

Ол желіге астарлы жазба қалдырған.
Фотография - Альварестің промоутері Головкинмен үшінші кездесу болатынын ұқтырғандай болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя жанкүйерлерге Геннадий Головкин мен Альварес үшінші рет кездесуі мүмкін екенін ұқтырғандай болды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Twitter желісіндегі парақшасында Де ла Хойя GGG мен Альварес арасындағы бірінші жекпе-жектен сурет жүктеп: "Ұлы кездесулер бокс үшін әрқашан жақсы болған" деп жазды. Жанкүйерлер бұл сөзді үшінші жекпе-жектің анонсы ретінде қабылдады.