748

"Қайрат" ФК Андрей Аршавиннің клубтан кететінін хабарлады

Аршавин "Зенит" пен "Арсенал" құрамында өнер көрсеткен еді.
Фотография - "Қайрат" ФК Андрей Аршавиннің клубтан кететінін хабарлады Сурет ашық дереккөзден алынды

"Қайрат" футбол клубы ресми сайтында шабуылшы Андрей Аршавиннің клубтан кететінін хабарлады, деп хабарлайды Today.kz.

Қарағандылық "Шахтермен" болатын алдағы матч 37 жастағы форвард үшін қазақстандық командадағы соңғы ойын болады. Кездесу 11 қарашада Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді. Ол 15:00-де басталады.

Аршавин "Қайрат" құрамына 2016 жылы қабылданды. Үш кезеңде форвард 100 матчқа қатысып, 30 гол соқты және 37 рет нәтижелі шабуыл жасады. Клубпен бірге екі рет Қазақстан чемпионатының күміс медалін, Кубок пен ел Суперкубогын иеленді. 

Одан бұрын Аршавин "Зенит" пен "Арсенал" құрамында өнер көрсеткен еді.