613

Данияр Елеусіновтың алдағы жекпе-жегіне видеоанонс жарияланды

24 қарашада Монте-Карлода Данияр Никарагуа боксшысы Маркос Мохикамен кездеседі.
Фотография - Данияр Елеусіновтың алдағы жекпе-жегіне видеоанонс жарияланды Сурет: sports.kz

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың алдағы жекпе-жегіне анонс жасады, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

24 қарашада Монте-Карлода Данияр Никарагуа боксшысы Маркос Мохикамен кездеседі. 

"Жекпе-жек аптасы! Біз Монакоға осы сенбі хедлайнерлер Лебедев – Уилсонмен бірге ораламыз. Сондай-ақ шоуда Хали Яфаи әлем чемпионы атағын қорғайды, Фрэнк Бульони, Данияр Елеусінов және басқалар болады!" – делінген анонста. 

Естеріңізге салайық, Елеусінов кәсіби рингке алғаш рет 28 сәуірде шықты, ол америкалық боксшы Ноа Киддты (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді.