659

Данияр Елеусінов Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы бірден басымдық танытып, қарсыласының мысын басты.
Фотография - Данияр Елеусінов Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді Сурет: sports.kz

Данияр Елеусінова (4-0, 2 КО) кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Today.kz. 24 қарашадан 25-іне қараған түні Монте-Карлодағы Casino de Monte Carlo Salle Medecin ойын-сауық кешенінде бокс кеші өтті. 

Олимпиада чемпионы Маркос Мохико (16-2, 12 КО) Никарагуа атын қорғап шықты. 

Қазақстандық боксшы бірден басымдық танытып, қарсыласының мысын басты. 

Екінші раундтың басында Елеусінов Маркосты нокдаунға жіберді. 

Үшінші раундта кезекті нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Данияр Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.