793

Жозе Моуриньо "Манчестер Юнайтедтің" бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

MU басшылығы команданың уақытша тренері кім болатыны жайлы пікір білдірмеді.
Фотография - Жозе Моуриньо "Манчестер Юнайтедтің" бас жаттықтырушысы қызметінен кетті Сурет ашық дереккөзден алынды

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы бас жаттықтырушысы Жозе Моуриньоны отставкаға жіберді, деп хабарлайды Today.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

MU басшылығы команданың уақытша тренері кім болатыны жайлы пікір білдірмеді. 

Жозе Моуриньо "Манчестер Юнайтедте" екі жыл жұмыс істеді. 

Танымал португалиялық жаттықтырушы 2016 жылы команданың тізгінін ұстады, осы жылдар ішінде командасымен бірге Европа Лигасын, ағылшын лигасын және Англияның суперкубогын жеңіп алды. 

Өткен кезеңде команда Англия чемпионатында екінші орын алып, Чемпиондар лигасында 1/8 финалдан ұшып кетті. 

Осы кезеңде АПЛ кестесінде алтыншы орынға тұрақтады, көшбасшы "Ливерпульдан" 19 ұпай қалып қойды.