2022

Головкин 208, Альварес 123 жұдырық жұмсаған – Желіге жаңа видео жарияланды

Головкин мексикалық Сауль Альвареспен Лас-Вегаста 16 қыркүйекте кездесіп, жеңіліс тапқан еді.
Фотография - Головкин 208, Альварес 123 жұдырық жұмсаған – Желіге жаңа видео жарияланды Сурет: Dailystar

Artorias Boxing YouTube арнасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі туралы видео жариялады, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Artorias Boxing инсайдтар мен кәсіби бокс әлемінен эксвлюзивті видеоматериалдар жариялайды. Бұл жолы жекпе-жек барысындағы нақты жұдырық саны есептелген. 

Видео соңында жалпы статистика жарияланады. Статистика бойынша, Головкин 208 жұдырықты дәл тигізген, ал Альварес 123 жұдырық жұмсаған.

Естеріңізге салайық, Головкин мексикалық Сауль Альвареспен Лас-Вегаста 16 қыркүйекте кездесіп, жеңіліс тапты.