912

Илья Ильин Катарда көрерменді түсініксіз күйде қалдырды

109 килограмға дейінгі салмақта Қазақстан атынан Катарға әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин аттанған еді.
Фотография - Илья Ильин Катарда көрерменді түсініксіз күйде қалдырды Көрнекі сурет

Дохада (Катар) "Катар Кубогы" Олимпиада-2020 лицензиялық турнирінде Илья Ильин көрерменді түсініксіз күйде қалдырды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Турнирге олимпиадалық салмақтағы спортшылар ғана қатысады. 

22 желтоқсанда 109 килограмға дейінгі салмақта Қазақстан атынан Катарға әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин аттанған еді. Отандасымыз қатысушылар арасында ең көп салмаққа тапсырыс берді, бірақ өнер көрсетуге шыққан жоқ. Ауыр атлеттің не үшін бұлай жасағаны белгісіз.