998

Геннадий Головкин үшінші рет әке атанады

GGG баласы дүниеге келген соң жекпе-жегін көрсететін телесеріктестерін анықтайды.
Фотография - Геннадий Головкин үшінші рет әке атанады Сурет: today.kz

Геннадий Головкин үшінші рет әке атанады. Бұл туралы Twitter желісінде америкалық инсайдер Майк Коппиджер хабарлады, деп жазады Today.kz.

Оның сөзінше, GGG баласы дүниеге келген соң жекпе-жегін көрсететін телесеріктестерін анықтайды. 

Қазақстандық кәсіби боксшы жұбайы Алинамен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Бірінші балалары Вадим 2009 жылы туды, қызы 2017 жылдың қыркүйегінде дүниеге келді.