1224

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегінің басты шарты аталды

Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен екі мәрте жұдырықтасты.
Фотография - Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегінің басты шарты аталды Сурет: Informburo.kz

Батыстың CBSsports телеарнасының порталы қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесудің басты шартын атады, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мексикалық бокс жұлдызы құны 365 миллион долллар болатын 11 жекпе-жектен тұратын, өз карьерасындағы бетбұрысты келісімге қол қойды. Головкин осындай шарттарға келісетін болса, оның үшінші кездесуге қол жеткізуі ықтимал", – деп жазылған материалда. 

Айта кетейік, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен екі мәрте жұдырықтасты. Бірінші кездесуде боксшылар тең түсті. Алайда бұл нәтиже арасында үлкен дау тудырды. Екінші кездесуде "Канело" төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.