2638

Канадалық жұп Денис Теннің бағдарламасын орындап, жеңіске жетті

Спортшылардың сөзінше, марқұм достары Денис Теннің бағдарламаны орындау шеберлігі оларға ерекше әсер еткен.
Фотография - Канадалық жұп Денис Теннің бағдарламасын орындап, жеңіске жетті Сурет: goldenskate.com

Мәнерлеп сырғанаудан Канада чемпионатының жеңімпаздары Кейтлин Вивер мен Эндрю Поже қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің композициясын орындады, деп хабарлайды Today.kz goldenskate.com сайтына сілтеме жасап. 

Спортшылардың сөзінше, марқұм достары Денис Теннің бағдарламаны орындау шеберлігі оларға ерекше әсер еткен. Сондықтан еркін биде осы бағдарламаны көрсеткен. 

Кейтлин Вивердің сөзінше, бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы достары Джон Кофлиннің қазасы да тағы бір себеп болған. 

"Бұл бағдарлама арқылы біз үшін қымбат адамдарды жоғалту сезімін жеткіздік. Біз расымен қымбат достарымызды жоғалттық, бүгінгі эмоциямыз шынайы болды", – деді Кейтлин. 

Айта кетейік, Денис Теннің құрметіне танымал мәнерлеп сырғанаушы Миша Джи Мәскеуде өнер көрсеткен болатын. 

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен аяқ астынан қаза тауып, бүкіл елді дүрліктірді. Денис тек мәнерлеп сырғанаушы ғана емес, жан-жақты талант иесі болды. 

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы автокөлігінің айнасын ұрламақ болған екі жігіттің қолынан қаза тапты. Істі ҚР Бас прокуратурасы бақылауына алды. 

Қылмыстық іс бойынша Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева ұсталды. Нұралы мен Арман 18 жылға, Жанар 4 жылға сотталды.

Загрузка...