1273

Элизабет Тұрсынбаева "Төрт құрлық чемпионатында" күміс жүлдегер атанды

Тұрсынбаева еркін бағдарламада 139.37 ұпай жинап, маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті.
Фотография - Элизабет Тұрсынбаева "Төрт құрлық чемпионатында" күміс жүлдегер атанды Сурет: olympic.kz

Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан "Төрт құрлық чемпионатында" күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Today.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тұрсынбаева еркін бағдарламада 139.37 ұпай жинап, маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті. 

Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева 207.46 ұпай жинады. Бұл турнирдің күміс жүлдегері атануға лайық нәтиже. 

"Төрт құрлық чемпионатындағы" әйелдер арасындағы сында жапониялық Рика Кихира жеңімпаз атанды. Ол жалпы есебі 221.99 ұпайға қол жеткізді. 

Үшінші орында 207.12 ұпай жинаған Жапонияның тағы бір өкілі Маи Миахара.

"АҚШ төрінде сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бүгін өз мансабымда тұңғыш рет төрт айналымды сальховты орындауға тырыстым. Элементті орындау кезінде құлап қалсам да, соңына дейін айналдыра алғаным үшін қуаныштымын. Екі аптадан бері осы элементті еркін бағдарламада орындап, жаттыққан едім. Бір рет құлаған соң, қалған секіру элементтерін сәтті орындағаныма қуаныштымын", – дейді Olympic.kz сайтына пікір білдірген Тұрсынбаева. 

Загрузка...