1879

"Ғаламат шоу болады" – Головкин мен Роллс көзқарас түйістірді

Головкин 8 маусымда "ғаламат шоу" жасауға уәде берді.
Фотография - "Ғаламат шоу болады" – Головкин мен Роллс көзқарас түйістірді Сурет: sports.kz

Лос-Анджелесте Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Стив Роллстың (19-0, 10 КО) екінші баспасөз конференциясы өтті. Содан кейін екі боксшы көзқарас түйістірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин 8 маусымда "ғаламат шоу" жасауға уәде берді. 

"Стив осы орынға, осы жекпе-жекке лайықты. Ол осы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, сондықтан осы жекпе-жекке лайықты болып отыр", – деді Головкин. 

Роллс жеңіске жету үшін тырысатынын мәлімдеді.

 

Естеріңізге салайық, жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Қазақстандық боксшы аталған жекпе-жектен 15 миллион доллар табады.