377

Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Билеттердің құны 500-3000 теңге аралығында.
Фотография - Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды, деп жазады Today.kz.

Қазақстан – Сан-Марино матчы 11 маусым күні Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Ойынның басталуы - 20:00.

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 500-3000 теңге аралығында.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры.

Загрузка...