832

Данияр Елеусіновтың жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Сегіз раундқа созылатын жекпе-жек Американың Оксон-Хилл қаласында 26 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:05-те болады.
Фотография - Данияр Елеусіновтың жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі Сурет: sports.kz

"Хабар" арнасы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елеусінов өзінің кәсіби бокстағы жетінші жекпе-жегінде тәжірибелі мексикалық боксшы Мигель Де Хесус Замудио Алонсомен жұдырықтасады, ол 53 рет жекпе-жекке шығып, 43-інде жеңіске жеткен. 

Алонсо үш рет титулды жекпе-жек өткізіп, біреуінде жартылай жеңіл салмақта уақытша WBA белбеуіне таласқан, бірақ ол жекпе-жекте нокаутпен жеңіліп қалған. 

Сегіз раундқа созылатын жекпе-жек Американың Оксон-Хилл қаласында 26 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:05-те болады.