570

Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йоркте көз түйістірді

Боксшылар Таймс Скверде кездесті.
Фотография - Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йоркте көз түйістірді Сурет: instagram.com/@gggboxing

Madison Square Garden-де бір аптадан кейін жұдырықтасатын Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йоркте көз түйістірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар Таймс Скверде кездесті. Кездесудің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Спортшылар Instagram желісіндегі парақшаларына бірдей сурет жүктеді. GGG: "Жекпе-жекке дейін күн санаймыз", - десе, Роллс: "Жекпе-жекке дейін алты күн қалды", - деп жазды. 

Естеріңізге салайық, 8 маусымда Нью-Йоркта кездесу өтеді. Ол Нұр- Сұлтан уақыты бойынша 9:00-де басталады.