ҰОК қазақстандық құраманың Токиода өтетін Олимпиадаға дайындығы туралы хабарлады

Cпорт
4771
Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы ойнатылады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Қазақстан құрамасының Токиода өтетін ойындарға қалай дайындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

Кеңеске қатысушылар бұқаралық спортты дамытудың одан әрі дамыту шараларын, ұлттық құрама командалардың 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарына дайындығы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Кеңесте ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Ұлттық Паралимпиада комитеттің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, спорт федерацияларының өкілдері мен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары сөз сөйледі.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялардың аз алынғанына назар аударды.

"Олимпиада ойындарына 8 ай қалды, біздің спортшылар 21 лицензия жеңіп алды. Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға дейін бізде осындай уақытта 45 лицензия болған. Сіздердің алдарыңызда кем дегенде 100 лицензияны жеңіп алу міндеті тұр", - деді вице-премьер.

Өз кезегінде Е. Қанағатов Токио Олимпиадасында 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы ойналатынын айтты. Алғаш рет 5 спорт түрі қосылды, атап айтсақ: каратэ, құзға өрмелеу, бейсбол, скейтбординг және серфинг. 

"Рио-де-Жанейродағы Олимпиададан кейін алдағы Олимпиада ойындарына дайындық бойынша кешенді шаралар әзірленді. Ең алдымен, біздегі әлсіз позициялар бар салаларға назар аудардық - бұл спорт медицинасы және спортшылардың жаттығуы үшін жағдай жасау. Қазір спорттың барлық түрлерінде құрама командаларда дәрігерлер, массаж жасаушылар, диетологтар және басқа да мамандар бар, олар жаттығу жиындары мен жарыстарда командаларды сүйемелдеп жүреді. Бүгінде біз 100-ден астам спорт медицинасы мамандарын тарттық, олар жаттықтырушылар құрамымен бірге ұлттық құрама командаларды дайындауға қатысуда", - деді Е. Қанағатов.

Оның айтуынша, допингке қарсы жұмысқа ерекше назар аударылады. Осы тоқсанның өзінде 15 семинар өткізілді. Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатылған. Биыл қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында рекордты 19 медаль жеңіп алды, бұл жақсы әлеуеттің барын көрсетеді. Кеңесті қорытындылай келе, вице-премьер барлық мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуі қажет екенін атап өтті. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить