Потапенко мен Ильяшенко Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Cпорт
4175
Қытайда заманауи бессайыстан лицензиялау бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр.

 

Осы күндері Қытайдың Ухань қаласында заманауи бессайыс бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық біріншілігінің аясында ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды. Қазақстандықтар Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко жарыстан кейін Олимпиада лицензияларын жеңіп алды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес , құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан командасының мүшелері Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

"Елена Потапенко Азия чемпионатынан 12-ші орын иеленіп, Олимпиадаға жолдама алды. Олимпиадаға іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, құрлық бәсекесінде 5 жолдама сарапқа салынды. Әр елден тек бір спортшы ғана лицензияға үміткер бола алады. Потапенконың алдында Оңтүстік Кореяның – төрт, Жапония мен Қытайдың – үш, Өзбекстанның бір спортшысы бар. Осылайша, Елена Потапенко #teamKZ қоржынынан 24-ші жолдаманы салды. Ерлер арасында Павел Ильяшенко төртінші орын иеленіп, Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алды", - делінген комитет мәліметінде. 

Айта кетейік, бүгінгі дейін Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасына 25 лицензия бар. Атап айтсақ, Юрий Юрков (нысана көздеу), Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату), Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Дмитрий Баландин (100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), Ольга Рыпакова, Георгий Шейко (жеңіл атлетика), Евгений Гидич (велоспорт, лицения командаға беріледі), садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжан Мұсаев; командалық және жекелей сын), Виталий Худяков (ашық суда жүзу), Екатерина және Александра Немич (синхронды жүзу), Милад Карими (спорттық гимнастика), Валентина Исламова, Элмира Сыздықова (әйелдер күресі), Асхат Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі), Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали (еркін күрес) жолдама алған болатын.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить