Қазақстанда 2012 жылы инфляция 6% құрады

Фотография - Қазақстанда 2012 жылы инфляция 6% құрады

деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі

189 0

2012 жылда инфляция 6% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«Өткен жыл үшін азық-түлік тауарлар бағасы 5,3%, азық-түлік емес тауарларға - 3,5%, ақылы қызметтерге - 9,3%-ға өсті. Ағымдағы жылғы желтоқсанда инфляция 0,6% деңгейде құралды» деп жазылған хабарламада.

Өткен айда баға өсімі жұмыртқаға 3,5%, жемістер және көкөністерге - 2,1%, май және тоң майға - 1,3%, макарон өнімдеріне - 1,1%, ұнға - 0,9%, сүт өнімдеріне - 0,8%, ет және құсқа, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге - 0,7%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,6%-ға белгіленді. Баға төмендеуі қантқа 1,1%, қарақұмық жармаға - 0,9%-ға тіркелді.

Бағалар темекі өнімдеріне 1,6%, қатты отынға - 0,9%, киім және аяқ киімге, газет және мерзімділік басылымдарға - 0,5%-дан, тұрмыстық тоқыма өнімдеріне - 0,4%-ға өсті.

Жолаушылар теміржол көлігі қызметтеріне баға деңгейі 1,7%, қонақ үйлерге - 1,1%, шаштараз бен жеке қызмет орындар қызметтеріне - 1%, денсаулық сақтауға - 0,8%-ға жоғарлады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 2,8%, кәрізге - 2,5%, суық суға - 1,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1%, ыстық суға және орталықтан жылытуға - 0,8%-дан өсті.


BNews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!