«KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингін көтерді

Фотография - «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингін көтерді

Рейтингтер бойынша болжам тұрақты

108 0

Қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингін ұлттық шкала бойынша A-дан A+-ға және халықаралық шкала бойынша ВВ-ден BB+-ге көтерді.

Рейтингтер бойынша болжам тұрақты. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттіктің  қаржылық және операциялық көрсеткіштерінің тұрақты түрдегі оңды серпіні рейтингтің өзгеруінің себебі болып табылады. Рейтинг меншік құрылымының айқындылығына, негізгі акционерлердің жоғары деңгейлі қолдауына, сыртқы қорға айналдыру тәуелділігінің төмендігіне, трансшекаралық тәуекелдердің болмауына негізделген. Капитал жетімділігінің төменгі деңгейі, орташа мерзімді кезеңдердегі өтімділіктің алшақтығы рейтингті ұстаушы факторлар болып отыр.

GlobalRating рейтингтік топтың құрамына кіретін  «KzRating» рейтингтік агенттігі - банктер мен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына жан-жақты сараптамалық талдау жасайтын тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттік. 2006 жылдың наурыз айынан бері жұмыс жасап келе жатқан бұл агенттік  2010 жылғы 19 ақпанда  «Қазақстан қор биржасы» АҚ Листингтік комиссиясының шешімімен танымал рейтингтік ғагенттіктердің тізіміне енгізілді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!