Қазақстан 2012 жылы 11 айда 62,9 млн тонна мұнай экспорттады

Фотография - Қазақстан 2012 жылы 11 айда 62,9 млн тонна мұнай экспорттады

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті мәлім етті

147 0

Қазақстан 2012 жылы 11 айда 62,9 млн тонна шикі мұнай мен конденсатты газ экспорттаған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті мәлім етті.

«2012 жылы 11 айда құны 52,2 млрд доллар болатын 62,9 млн тонна өнім экспортталып, шетелге экспортталған мұнай көлемі 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 пайызға азайды. Ал, құны тұрғысынан келгенде 3,9 пайызға өсті», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Италияға құны 13,7 млрд АҚШ доллары болатын 16,4 млн тонна, Қытайға 7,5 млрд АҚШ доллары болатын 9,2 млн тонна, Нидерландыға 6,2 млрд АҚШ доллары болатын 7,4 млн тонна, Францияға 5,1 млрд АҚШ доллары болатын 5,9 млн тонна, Австрияға құны 4,6 млрд АҚШ доллары болатын 5,9 млн тонна, Румынияға - құны 2,7 млрд АҚШ доллары болатын 3,5 млн тонна, Канадаға - 2,9 млрд АҚШ доллары болатын 3,2 млн тонна, Швейцарияға - құны 1,9 млрд доллар тұратын 2,4 млн тонна мұнай сатылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!