Бизнесті қолдауға 14 млрд теңге жұмсалған

Фотография - Бизнесті қолдауға 14 млрд теңге жұмсалған

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ісі жүйелі жалғасуда

181 0

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ісі жүйелі жалғасуда. Өңірде кәсіпкерлікті жаңа бастаған кәсіп иелері 3 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік гранттарға қол жеткізді. Тек биылдың өзінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 100  жоба мақұлданса, сонымен бірге қайтарымсыз қаржыға солардың қатарындағы ең үздік деген инновациялық жобалар ие болды.

Металл бұйымдарын өңдеу мен қайта өңдеу, көлік және медицина саласында сапалы қызмет көрсету, құрылыс индустриясын өрістету мен ауыл шаруашылығын дамыту секілді салалар бойынша өңірде соңғы үш жылда 167 жоба мақұлданды. Тек биылдың өзінде аймақтық үйлестіру кеңесінің талқысына ұсынылған жүз жобаның жолы болды. Қаржы негізінен экспортқа бағытталған және инновациялық жобаларға көмек ретінде берілуде. Мәселен, қуат көзін тиімді тұтынуға мүмкіндік беретін қондырғы әйнек өндірісінде қолданылуда. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бағытталған қаржы өндіріс көлемін ұлғайтуға жұмсалуда.   

Аркадий РУБЦОВ, кәсіпорын директоры:

- Бұл қолдау бізге қосымша өндірістік желілерді іске қосуға мүмкіндік берді. Қондырғылар іске қосылғанда шыңдалған әрі қауіпсіз шыны бұйымдарын шығара бастаймыз.

Тек өткен жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 14 млрд теңге бизнесті қолдауға жұмсалды. Мемлекеттің мұндай қолдауы кәсіп иелеріне жаңа мүмкіндіктер ашты.

Алтай КӨЛГІНОВ, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі уақытта осы мүмкіндікті тиімді пайдалансақ, кәсіпкерлеріміз бәсекеге қабілетті болып, өз мүмкіндіктерін күшейтуге, өнімдерінің сапасын арттырып, бағасын төмендетуге қол жеткізеді. Яғни, олар біздің нарықта өз орнын таба алатынына қазірде біздің кәсіпкерлеріміздің көзі жетті.

Кәсіпкерлер алғаш рет қайтарымсыз инновациялық гранттарға қол жеткізді. Ол негізінен кәсібін енді ғана бастаған және бұрын өңірде қолға алынбаған қызмет түрлерін ұсынған бизнес өкілдеріне берілді. Соның бірі – көлікті сусыз жуу технологиясы.

Дәурен СЕНҒАЛИЕВ, кәсіпкер:

- Көлікті жуу үшін су пайдаланбаймыз. Арнайы жуғыш заттарды қолданамыз, ол сусыз жуып береді. Соңынан нанополировка жүргіземіз. Ол судан, реагенттерден қорғайды. Біздің қалада ондай бизнес жоқ. Соны дамыту үшін біз грантқа ие болдық.

Дәурен болашақта қызмет ауқымын кеңейтуге ниетті. Ол үшін қосымша тағы екі көлік сатып алмақ. Осындай қайтарымсыз қаржы негізінде инновациялық жобаны жүзеге асыратын тағы 8 кәсіпкер бар.   


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!