Алдағы екі жылда әлемдегі мұнай шығару көлемі ұлғайып, шикізат бағасы төмендейді

Фотография - Алдағы екі жылда әлемдегі мұнай шығару көлемі ұлғайып, шикізат бағасы төмендейді

Алдағы екі жылда әлемдегі мұнай және мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайып, сұраныс артығымен қанағаттандырылады

170 0

Алдағы екі жылда әлемдегі мұнай және мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайып, сұраныс артығымен қанағаттандырылады. Бұл шикізат бағасын төмендетеді. Осындай қорытынды АҚШ-тың Энергетика министрлігі жанындағы тәуелсіз Ақпарат басқармасының баяндамасында келтірілген, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Америкалық үкіметтік сарапшылардың есептеулері бойынша, 2013 жылы мұнай және мұнай өнімдерінің өндірісі күніне 1 млн баррельге дейін өседі, ал 2014 жылы, әлемдік дағдарыс аяқталған шақта 1,7 млн – ға жетеді.

«Негізгі өсім ОПЕК-ке кірмейтін елдер, әсіресе АҚШ пен Канаданың есебінен іске асады», - деді баяндама авторлары. Олардың айтуынша, мұнай бағасы Ресей сияқты тәуелсіз мұнай өндірушілер үшін биылғы жылы күніне 1,4 млн баррельге, ал келесі жылы 1,3 млн-ға ұлғаяды.

Сондай-ақ, 2013 жылы ОПЕК мүшелері шикізат өндірісін күніне 0,6 млн баррельге жеткізеді, 2014 жылы осы деңгей сақталады. Америкалық мамандардың хабарлауынша, ОПЕК бұрынғыдай күніне кем дегенде 30 млн баррель мұнай шығаратын болады, бұл әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін қажет.

Нәтижесінде өткен жылы орташа алғанда 112 доллар болған Брент мұнайының бағасы 2013 жылы 105 долларға, 2014 жылы 99 долларға дейін төмендейді. Ал өткен жылы 94 доллар тұрған батыс техастық мұнай баррелі осы жылы 90 долларға арзандаса, келесі жылы керісінше 91 долларға дейін қымбаттайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!