Азия Даму Банкі Қазақстанның көлік әлеуетін арттыруға 95 млн доллар қарыз бермек

Фотография - Азия Даму Банкі Қазақстанның көлік әлеуетін арттыруға 95 млн доллар қарыз бермек

Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 95 млн АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады

187 0

Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 95 млн АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады. Бүгін мәжілісмендер мақұлдаған «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа-Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзхит дәлізі] ратификациялау туралы» Заң жобасы осыны қарастырады.

Бұл жобаны іске асыру елдің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің айналымы өсетін болады. Бұл Қазақстанның барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін еләуір өсіруге мүмкіндік береді.

Қарыз туралы келісім шеңберінде екі жолақты қозғалысты екінші техникалық санаттағы, қашықтығы 7,7 шақырым жолдың қолданыстағы учаскесін ценмент-бетон төселген және төрт жолақты қозғалыстағы басқа санатқа ауыстыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ Тараз қаласының қашықтығы 57,4 шақырым жаңа айналма учаскесі құрылысын салу көзделген.

Келісімге сәйкес, Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 95 млн АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады. 4 жылға жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, қарызды өтеу мерзімі 20 жылды құрамақ. Жылына 0,15% мөлшерлеме бойынша міндеттеме үшін комиссия алынады.

Қазақстан Үкіметінің қосымша қаржыландыруы 17 АҚШ доларынан аспайды. Республикалық бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағытталатын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!