2012 жылы Қазақстанның ақша базасы 2889,9 млрд теңгеге кеңейді

Фотография - 2012 жылы Қазақстанның ақша базасы 2889,9 млрд теңгеге кеңейді

 Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады

185 0

2012 жылы ақша базасы 1,9%-ға кеңейді жəне 2889,9 млрд. теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3,3%-ға 2831,0 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2012 жылы Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері Ұлттық қордың активтерін толықтыру мақсатында негізінен валютаны сату есебінен 27,7 млрд. АҚШ долл. дейін 3,6%-ға азайды. Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылы 12,3%-ға төмендеді, алтындағы активтер жүргізілген операциялар жəне əлемдік нарықтарда оның бағасының 5,4%-ға өсуі нəтижесінде 48,1%-ға өсті.

2012 жылы елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 57,8 млрд. АҚШ долл.) 17,9%-ға 86,0 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

2012 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,3 млрд. АҚШ долл. дейін 4,6%-ға азайды (жыл басынан – 3,6%-ға төмендеді). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 4,7%-ға азайып, 27,7 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан 3,6%-ға төмендеді). Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы желтоқсанда 5,3%-ға азайды. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар нəтижесінде, сондай-ақ əлемдік нарықтарда оның бағасының төмендеуі нəтижесінде 2,4%-ға азайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!