«ҚазАгро» Астананың Азық-түлік белдеуін дамыту үшін жаңа шешім ұсынды

Фотография - «ҚазАгро» Астананың Азық-түлік белдеуін дамыту үшін жаңа шешім ұсынды

ҚР Үкіметінің талқылауына шығарылды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметінен.  

188 0

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Астананың азық-түлік белдеуіндегі агробизнестің кейбір проблемаларын шешуге бағытталған бастамалары

ҚР Үкіметінің талқылауына шығарылды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметінен.  

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгро» ұлттық холдингі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласының айналасындағы 300 шақырымдық аумақта ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеу жобаларын қаржыландырады. Бүгінде холдинг 33,8 млрд. теңге сомасына  61 жобаны қаржыландыру үстінде. Оның ішінде қазіргі уақытта 56 өндірістік нысан пайдалануға берілді және елорда нарықтарына өнімдерін шығарып тұрады.

Холдингтің ақпаратына қарағанда, өндірісті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шығындары, қазіргі заманғы технологиялық шешімдердің жетіспеушілігі Астананың азық-түлік белдеуін жандандыруға кедергі келтіруде. Сонымен қатар өнімдерді сауда желілеріне жеткізудің жоспарлы болмауы, көлік-логистикалық қызметтің дамымағандығы, өнім жеткізуші отандық өндірушілерді қолдаудың заңды реттелуінің болмауы да қолбайлау болуда.

Осыған орай «ҚазАгро» холдингі аграрлық өндіріс өкілдерімен пікірлесе отырып, аталған мәселені шешу жолдарының бірі ретінде өндірушілер мен сауда желілерінің күнсайынғы жедел өзара әрекетін тоғыстыратын тауар өткізуші жүйесін құруды ұсынады. Жаңа жүйені енгізу Астананың Азық-түлік белдеуі шеңберінде жұмыс істейтін барлық тараптарға жәрдем бере алар еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!