«Атыраубалык» банкрот болды

Фотография - «Атыраубалык»  банкрот болды

Атырау қалалық салық басқармасының шағымы бойынша облыстық мамандандырылған экономикалық соты «Атыраубалык» АҚ-н банкрот деп таныды.

362 0

Атырау қалалық салық басқармасының шағымы бойынша облыстық мамандандырылған экономикалық соты «Атыраубалык» АҚ-н банкрот деп таныды.

Сот отырысына Атыраубалық аса ірі көлемде қарыз болып қалған несие берушілер, құзырлы орган өкілдері қатысты. Жауапкер ретінде осы кәсіпорынның директоры Александр Пяк пен оның орынбасары Владимир Кузьмин отырды.

«Атыраубалык» АҚ банкрот деп тану сәтінде оның салық қарызы 62 млн. теңге, жалпы несие берешегі 219 млн. теңге болған. Ал, «Атыраубалык» АҚ дебиторлық берешек (Атыраубалыққа берешек болғандар) 81 млн. теңге. Оның басым көпшілігі (70 млн. тенге) «KHANIKA» ЖШС қарызы құрайды. Қазіргі күні бұл кәсіпорынның ісімен де құзырлы органдар айналасып жатыр.

Енді «Атыраубалык» АҚ-ты таратумен Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша департамент айналысатын болады. Заң бойынша банкрот кәсіпорынның бүкіл қарызы жойылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!