2022 жылы еліміздің 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 21 млн тоннаға жетеді

Фотография - 2022 жылы еліміздің 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 21 млн тоннаға жетеді

2022 жылы еліміздің 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты  21 млн тоннаға жетеді.

194 0

2022 жылы еліміздің 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты  21 млн тоннаға жетеді.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында өткен кеңейтілген кеңесте ҚМГ Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім еткен.

Оның атап өтуінше, бүгінде ҚМГ отандық өндірістің барлық салаларын жаңғырту бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, геологиялық-геофизикалық ақпаратты жинау, өңдеу, түсіндіру бойынша қазіргі заманға сай Орталықты құрып, дамыту шарасы; қоймаларды зерттеу мен басқару технологияларын енгізу; мұнай қоры қабаттарының коэффициентін арттыруда жаңа тәсілдер қолдану; қышқыл газды және газды құрамы жоғары кен орындары, сонымен қатар қоршаған орта мен экологияға әсері жоғары тереңсулы кен орындарын барлау. Ал таяз жатқан тиімділігі аз кен орындарын игеруде жаңа тәсілдер қолданылады.

«Мұнай өңдеу саласында, бүгінде «ҚазМұнайГаз» бақылайтын Қазақстандағы барлық үш МӨЗ-да біз шикізат ұсынумен шектелмей жаңа технологиялармен алмасу, қуат көздерін өңдеу саласындағы серіктестік байланыстар орнатуға бейімделуіміз қажет», - деп атап өтті Ләззат Қиынов. - Қазірден бастап Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында өндірістік процестерді жаңалау жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Атырау МӨЗ-да жуырда хош иісті көмірсутегін шығару бойынша кешен мен көмірсутегі шикізатын терең өңдеу бойынша кешеннің құрылыстары басталды. Бұл жобалар миллиардтаған қаражатты қажет етеді. Әлемдік ірі инжинирингтік компанияларды тартып, осы жобаны жүзеге асыру арқылы біз мұнайхимия саласын дамытатын шикізат шығаратын заманауи кәсіпорынға ие боламыз. Осы аталған үш зауыттың қайта өңдеу бойынша жылдық қуаты 2011 жылғы 11,4 млн тоннадан 2022 жылы 21 млн тоннаға көбейеді. Мұнай өңдеу тереңдігі 90 пайызға өседі. Ал мотор жанармайының сапасы Еуро-4 пен Еуро-5 деңгейіне сай болады.

Осы орайда Л.Қиынов компанияның мұнай өңдеу бөлімшелеріне МӨЗ жаңарту бойынша жобаның орындалуын толық бақылауын қамтамасыз етуін тапсырды. Болжам бойынша 2025 жылға қарай жаңа экологиялық талаптарға сәйкес өз рыногымызды жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етіп, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» брендімен жаңа жанармай құю стансаларын салу мен активтерді сатып алу арқылы ұлттық компанияның жергілікті нарықтағы 18 пайыздық үлестен 30 пайыздық үлеске көбейту қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!