Теректі ауданында өткен жылы 7 млрд. 829,3 млн. теңге инвестиция тартылды

Фотография - Теректі ауданында өткен жылы 7 млрд. 829,3 млн. теңге инвестиция тартылды

Теректі ауданында негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі өткен жылы 2011 жылғыдан 21,4 пайызға артып, 7 млрд. 829,3 млн. теңгеге жетті.

300 0

Теректі ауданында негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі өткен жылы 2011 жылғыдан 21,4 пайызға артып, 7 млрд. 829,3 млн. теңгеге жетті.

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, осы ретте Магистральный ауылы маңында «» ЖШС-ның көмірсутегі шикізатын өңдеу және сақтау кешені құрылысы 4 млрд. 544 млн. теңге тартылды.

Өткен жыл бойына аудан бюджеті төрт рет нақтыланып, 4 млрд. 331 млн. теңгеге жетті. Оған қоса облыс әкімдігінің қаулысымен 9,722 млн. теңге бөлініп, барлығы 4 млрд. 340,809 млн. теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігі 102,2 пайызға орындалды. Соның ішінде аудан бюджетіне болжанған 595,264 млн. теңге түсім көлемі салық салынатын базаны ұлғайту арқылы 778,180 млн. теңгеге дейін жеткізіліп, жоспар 131 пайызға орындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!