Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 104,2 пайызды құрады

Фотография - Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 104,2 пайызды құрады

Батыс Қазақстан облысында өткен жылғы желтоқсандағы инфляция деңгейі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады

158 0

Батыс Қазақстан облысында өткен жылғы желтоқсандағы инфляция деңгейі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 5,1 пайызға өсті. Еттің бағасы 11,7, соның ішінде шошқа еті - 9,9, жылқы еті - 11,2, қой еті - 16,2, сиыр еті 17,7 пайызға  көтерілді. Макарон өнімдері 3, ірімшік және сүзбе - 3,4, нан - 3,6, кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 4,7, қант - 4,8, ұн 12,6 пайызға қымбаттады.

2012 жылы есесіне көкөніс бағасы - 1,2, соның ішінде пияз - 0,4, қызылша - 7,4, қызанақ 6,2 пайызға төмендеді. Картоп 8,6 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма  бағасы  16,3 пайызға түсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!