Мұсылман елдерінің ішінде Бахрейн экономикасы ең еркін, ырықтандырылған экономика деп танылды

Фотография - Мұсылман елдерінің ішінде Бахрейн экономикасы ең еркін, ырықтандырылған экономика деп танылды

Америкалық Heritage Foundation қоры мен Wall Street Journal сарапшылары 2013 жылдың экономикасы ең еркін елдердің рейтингісін жариялады.

890 0

Америкалық Heritage Foundation қоры мен Wall Street Journal сарапшылары 2013 жылдың экономикасы ең еркін елдердің рейтингісін жариялады.


Рейтинг тізімінде 177 ел қамтылған. Сарапшылар рейтингінің өлшемдерін былайша жіктеген:

– Еркін;

– Негізінде еркін;

– Еркіндігі орташа;

– Негізінен еркін емес;

– Экономикасы жаншылған.

Араб елдерінің, жалпы мұсылман әлемінде Бахрейн мемлекеті алдыңғы саптан көрініп, 12-ші орынға табан тіреген. Осынау араб елінің экономикасы 75,5 ұпай жинап, «негізінде еркін» категориясына кірген. Ал, Қатар 27-ші орынға жайғасса, одан кейінгі 28-ші тұғырда Біріккен Араб әмірліктері тұр. Сарапшылар Иордания экономикасына да оң баға берген: 33-ші орынды иеленген. 45-ші орынға Парсы шығанағы елдерінің бірі – Оман мемлекеті қонжиған. Оман экономикасы «еркіндігі орташа» категориясына кірді.

Тұтастай алғанда, араб және мұсылман елдерінің арасында Парсы шығанағын жайлаған мемлекеттердің асығы алшысынан түскен. Атап айтқанда, Бахрейн, Қатар, БАӘ, Иордания және Оман ЕО-ның Испания, Италия, Португалия секілді бірқатар елдерін басып озған. Ал, Бахрейн, Германияның, Ұлыбританияның, Люксембургтың, Финляндия, Жапония және Австрия елдерінің алдында тұр.

Жоғарыда аталған мұсылман елдері 51-ші орынды қанағат тұтқан Израилдің экономикасын шаң қаптырып кеткен. Сонымен қатар, мұсылман елдерінің арасында Малайзия 56-шы орынды, ал Кувейт – 66-шы, Түркия – 69-шы орынды місе тұтқан. Италиядан бір саты жоғары тұрған Сауд Аравиясы 82-ші орынға жайғасқан.

Өзге мұсылман елдерінің экономикасы «негізінде еркін емес» категориясына енген. Атап айтқанда, Марокко, Ливан, Тунис, Пәкістан, Мысыр, Мавритания және Орталық Азияның бірқатар елі жағымды жағынан көріне алмаған. Ал кейбір мұсылман елдерінің экономикасы жаншылған болып шықты. Атын атап, түсін түстегенде ең алдымен Алжир және Иран елдерінің экономикасы ауызға ілігеді. Алжирдің экономикасы 145-ші орыннан төбе көрсетсе, Иран экономикасы сырғып отырып, 168-ші орыннан бір-ақ шыққан. Рейтингіге Ауғанстан, Ирак, Сирия, Сомали, Лихтенштейн және Ливия елдері кірмеген.

Ал, әлем бойынша Гонконг экономикасының «маңдайы» жарқырап, ең алдыңғы қатардан көрініп, қара үзген. Сарапшылар Гонконг экономикасына 89,3 ұпай берген. Рейтингтің бестігіне Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия және Швейцария енген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!