Тегеранда ЭЫҰ-ға мүше елдердің салық қызметі басшылары кездеседі

Фотография - Тегеранда ЭЫҰ-ға мүше елдердің салық қызметі басшылары кездеседі

Кездесу қаңтар айының 14-15 жұлдызында Тегеран қаласында өтеді. Оған еліміздің атынан ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасы қатысады.

233 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихатында Иранда ЭЫҰ-ға мүше елдердің салық қызметі басшыларының алғашқы кездесуі өтетіндігін мәлімдеді.

Кездесу қаңтар айының 14-15 жұлдызында Тегеран қаласында өтеді. Оған еліміздің атынан ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасы қатысады.

Аталмыш ұйымның бағдарламалық құжатына сәйкес кездесу барысында 2015 жылға дейінгі сауда және инвестицияның таралуы, көлік және коммуникациялар саласын жетілдіру, энергетика мен жаңа технологияларды дамыту жайы қарастырылмақшы. А.Әбибуллаев күн тәртібінде тұрған мәселелердің қай-қайсы да Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Бүгінде ЭЫҰ-на аймақтың 10 мемлекеті мүше.


Тегтер:

салық қызметі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!