Алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады

Фотография - Алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады

 Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» сайтында хабарланған

166 0

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» сайтында хабарланған.

Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Қиыновтың айтуынша, алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады. Ал Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Ел мұнайшылары бұл көрсеткішті одан арғы жылдары тағы 51 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, құрлық пен теңізде геологиялық барлау жұмыстары күшейтіледі. Мұнай және газ тасымалдаудың икемді тәсілі таңдалады. Осылайша, стартегиялық маңызы зор салада бірқатар ауқымды шаралар қолға алынғалы отыр.


Тегтер:

мұнай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!