Халық Банкі Қазақстан Ипотекалық компаниясына 14.3 млрд теңге заем берді

Фотография - Халық Банкі Қазақстан Ипотекалық компаниясына 14.3 млрд теңге заем берді

деп хабарлады банктің баспасөз қызметі

239 0

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-на 14,3 миллиард теңге мөлшерінде заем берді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

«Заемдық қаражат бес жыл мерзімге, ҚИК-нің швейцариялық «Credit Suisse International» банкінен 2007 жылы тартылған валюталық кредитін қайта қаржыландыру мақсатында берілді. Нәтижесінде ҚИК өзінің «Credit Suisse International» банкі алдындағы міндеттемелерін толығымен орындап болды», - делінген ақпаратта.

ҚИК басшылығының мәлімдеуінше, валюталық заем қаражатын теңгеге аудару компанияға валюталық және деривативтік тәуекелдерді толығымен қысқартуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде қаржылық қызмет нәтижесіне тиімді әсерін тигізеді.

Бекітілген транзакциялық іс-шараны жергілікті қаржылық институттардың мемлекеттік ірі жобаларды өзара тиімді талаптармен қаржыландыруға қабілеттілігінің шынайы көрінісі деп қарастыруға болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!