Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің көлемі 16%-ға артты

Фотография - Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің көлемі 16%-ға артты

Осы қаулы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

231 0

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемі артты. ҚР Премьер-министрі қол қойған тиісті қаулы бүгін ресми баспасөзде жарияланды.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда және 2013 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік төлемдер алушы болып табылатын асыраушысынан айырылған тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап он алты пайызға арттырылсын.

Осы қаулы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!